РФ Есеп палатасының делегациясы Астанаға келеді
13:54, 06 Сәуір 2010
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей Федерациясы Есеп комитетінің төрағасы Сергей Степашин бастаған делегациясы бүгін Астанаға келеді.
Ресейлік делегация сәуірдің 6-8-і аралығында өтетін Жоғары қаржылық бақылаушы органдар халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) Негізгі ұлттық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысына қатысады, деп хабарлады РФ Есеп палатасының Ақпараттар департаментінен.
Жоғары қаржылық бақылаушы органдар халықаралық ұйымының Басқарушы кеңесінің мүшесі және Негізгі ұлттық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының төрағасы С.Степашин өзі жетекшілік ететін топтың жұмысы туралы баяндама жасайды.