РФ-ға жұмыс сапарының бірінші күні ҚР Премьер-Министрі Эрмитажды аралап көрді

ТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұмыс сапарының бірінші күні Санкт-Петербордағы «Эрмитаж» мемлекеттік мұражайында болды, деп хабарлады pm.kz сайты.

ҚР Премьері Павильон, Фельдмаршаль, Александров и Георгиев залдарын, Иордан сатысын, Шығыс және Романов галереяларын, Орта Азия өнері залын, Рембрандт залын аралап көріп, Скиф мәдени мұрасының көрмесімен танысты.

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының «Эрмитаж» мемлекеттік мұражайына барды. «Эрмитаж - өнер туындыларының бірегей қазына орны және құқығы жағынан әлемдегі үздік мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай ұжымына мұраны сақтау және мәдени ағарту міндетін атқаруда табыс тілеймін»,-деп жазды Премьер-Министр.