«Ауғанстаннан келетін есірткілер ең үлкен қауіп тудырады. Есірткілік заттары Ауғанстаннан тіке Ресейге келмейді. Олар Ауғанстаннан Тәжікстанға жеткізіледі, ол жақтан Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Ауғандық героинның негізгі бөлігі Қазақстан арқылы келеді», - деп атап өтті Храпов.
Сонымен бірге, Ресей аумағына келетін барлық синтетикалық есірткілер Қытайдан келеді.
«Ресей аумағына келетін синтетикалық есірткілердің 90% Қытайдан жеткізіледі», - деді Храпов.
Ол есірткімен күрес мақсатында Ресей ІІМ Есірткі айналымын бақылау бас басқармасының таяу шетелдердегі әріптестерімен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта біз қазақстандық және тәжікстандық әріптестермен өзара тығыз қарым-қатынас орнаттық. Қырғызстанмен ынтымақтастық өз жемісін беруде. Біз олармен бірігіп, 30 келі героин тәркіледік», - деді Храпов.