РФ ІІМ-і Мәскеу мэрін сайлаудан кейінгі қарсылық акциясына дайындалуда

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Мәскеу полициясы қала мэріне кандидаттардың бірінің штабы сайлау өткеннен кейін қарсылық акциясына дайындалып жатқандығы туралы ақпарат алды. Бұл жайында Утро.ру РФ ІІМ Бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, кандидаттардың бірінің штабы дауыс санау қорытындысын күтпей-ақ сайлау қорытындысына наразылық акциясын ұйымдастырмақ.

Айта кетейік, Мәскеу мэрін сайлау осы жылғы 8 қыркүйекте өтеді. Ресей астанасының басшысы болуға 6 үміткер бар. Олар: Сергей Собянин, "Әділетті Ресей" көшбасшысы Николай Левичев, "Яблоко" партиясының өкілі Сергей Митрохин, коммунист Иван Мельников, либерал-демократ Михаил Дегтярев және оппозиционер Алексей Навальный.