Мекеменің хабарлауынша, ұшақты апатты түрде қонуға мәжбүр болған.
«Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері аман қалды. 16 адам ауыр жарақат алды. Іздестіру-құтқару қызметінің тікұшақтары жолаушылардың барлығын Тикси емдеу мекемелеріне жеткізді», - деді министрлік.
Дүйсенбі күні, 19 желтоқсанда Ил-18 ұшағы Тикси ауылы маңында апатқа ұшырады. Бортта 39 адам болды: жеті экипаж мүшесі және 32 жолаушы-офицерлер. Якутия билігі ұшақтың құлау фактісін растады.
Құқық қорғау органдары құлаған Ил-18 ұшағының үш бөлікке бөлінгенін мәлімдеді.
12:50, 19 Желтоқсан 2016
РФ Қорғаныс министрлігі Якутиядағы ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Қорғаныс министрлігі Якутияның Булун ауданына құлаған Ил-18 ұшағы туралы пікір білдірді, деп жазды РИА Новости.