РФ Краснояр өлкесі мен Иркутск облысындағы өртті әскери тікұшақтар сөндіріп жатыр

Фото: None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшақтары Краснояр өлкесі мен Иркутск облысындағы өртті сөндіруге кірісті. Жұма күні Ресей қорғаныс ведомствосы хабарлағандай, тікұшақтар табиғи өртпен күресу үшін күн сайын 10-15 рейс жасайды.

Бұдан бұрынхабарланғандай, әскери ведомство РФ президенті Владимир Путиннің тапсырмасыбойынша Ил-76 маркалы 10 ұшақ пен Ми-8 маркалы 10 тікұшақтан құралғанавиациялық топ жасақтады. Олар Краснояр өлкесіндегі өртті сөндіругекөмектеседі.

«Өртті сөндіругетартылған барлық тікұшақтар көлемі 5 тонна болатын ВСУ-5 су шашу құрылғысыменжабдықталған», - делінген хабарламада.

Федералдық«Авиалесоохрана» дерегі бойынша, 1 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресейде аумағы116089 гектарлық 165 орман өрті сөндіріліп жатыр. Күрделі аумақтарда 2,9 млнгектар орман жанып жатыр. Өрттің көлемді шарпыған аумағы – Якутияда. Онда 1,2млн гектар тайга, Краснояр өлкесінде – 1,1 млн гектар және Иркутск облысында –700 мың гектар отқа оранған. Орман өртін сөндіруге 2,9 мың адам, 420 техника,48 әуе кемесі жұмылдырылды.

Орман өртінебайланысты РФ төрт субъектінде - Иркутск облысы мен Краснояр өлкесінің барлықаумағында, Бурятия мен Якутияның бір ауданында ТЖ режимі енгізілді.

Сібірдегі орманөртінің түтіні Қазақстандағы жеті облысты басты.Алайда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер РесейдіңСібір аумағындағы өрттің таралуы Қазақстанға қауіп тудырмайтынын мәліметті.

Айта кетейік, бұғандейін Дональд Трамп Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін өшіруге көмек ұсынғанболатын.

Соңғы жаңалықтар