РФ Мемлекеттік Дума сайлауында «Единая Россия» конституциялық көпшілікке қол жеткізе алмады

МӘСКЕУ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, РФ Федералдық жиналысының алтыншы шақырылған Мемлекеттік думасына сайлау қорытындыларының 52,34 пайыз хаттамалары есептелді, оның нәтижесі боынша, «Единая Россия» 48,68 пайыз дауыс жинады.

Осы мәліметтер бойынша, РФКП - 19,69, «Справедиливая Россия» - 12,91, ЛДПР - 12,18 пайыз дауыс жинады. Қалған партиялар жетіпайыздық межеге жете алмады. «Яблоко» партиясы - 2,59, «Правое дело» - 0,55 пайыз, «Патриоты России» - 0,97 пайызға ие болды. Сөйтіп, билік партиясы депутаттық мандаттың үштен екісін құрайтын конституциялық көпшілікке жете алмады, алайда жай көпшілік дауысқа ие болды.

Дума сайлауына сайлаушылардың 60 пайызға жуығы қатысты.

Мемлекеттік дума сайлауына дауыс беру аяқталғаннан кейін РФ президенті Дмитрий Медведев пен РФ үкіметінің басшысы Владимир Путин «единоросстықтар» штабында болды. Партияластармен кездесуде олар «Единая Россия» сайлауға лайықты қатысқанын атап өтті, дегенмен болашақ парламентте олардың коалициялық блоктармен бірлесіп жұмыс істеуіне тура кееді.

Өз кезегінде В.Путин дауыс берудің алдын ала қорытындарына түсініктеме бере келіп, «Единая Россия» жартысынан кем дауыс алғанмен, мұны «оңтайлы нәтиже» деп атады, бұл елдегі шынайы жағдайды көрсетеді. «Біз мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз», деді ол.