РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкин Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Дүйсенбі күні Сергей Нарышкин «Президент. Парламент. Интеграция» тақырыбында өтетін халықаралық конференцияға қатысады. Бұл шара Мәжілістің бастамасымен үшінші рет өткізіліп отыр. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын, сондай-ақ, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістер бағытында парламенттік дипломатияны ынталандыру әрі заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ осы күні Сергей Нарышкиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге ол республиканың Парламент басшылығымен де кездеседі.

«Өткен 20 жылда еуразиялық интеграция идеясы кең танылуда, сондай-ақ бұл идея Кедендік одақ пен Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында Бірыңғай экономикалық кеңістікте, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айтылған», - дейді спикердің Қазақстандағы сапарында делегациямен бірге жүрген ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий.

Слуцкийдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау - ХХ ғасырдың басындағы ең ірі тарихи оқиға.

Делегация Мәскеуге 24 қараша күні оралады.