"Биыл Якутияның солтүстігіндегі палеонтологиялық экспедиция кезінде мамонттың сақталып қалған терісі табылды. Оңтүстіккореялық әріптестермен бірге жақын арада бұл теріден тірі ДНК жасушаларын іздеуді бастаймыз", - деді ол.
Осыған дейін Корея Республикасының ғалымдары Малоляховтық мамонттың гемолизирленген қанының бір бөлігін алған. Онда лейкоциттер мен гемоглобин ядролары сақталған. Алайда олар бүтін ДНК жасушасын таба алмады.
Малоляховтық мамонт 2013 жылы Малый Ляховский (Якутия) аралында табылған. 2014 жылы ол Якутскке жеткізілді.