Бұл туралы ағымдағы жылдың 22 тамызында Ресейдің ДСҰ-ға ресми түрде кіруіне байланысты сауда бойынша еурокомиссар Карел де Гюхт мәлімдеді.
«Бұл саудадағы инвестицияларға септігін тигізіп, Ресей экономикасының жаңғыртылуын жылдамдатуға көмектеседі, сондай-ақ ресейлік және еуропалық компаниялардың бизнесі үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Ресейдің халықаралық сауда ережелері мен үлгілеріне жауап беретініне сенімдімін», - деді К.де Гюхт.
Еурокомиссияның мәліметтерінше, Ресейдің ДСҰ-ға кіруінен кейін тарифтердің жалпы төмендеуі Еуроодақ экспорттаушылары үшін жылына 2,5 миллиард еуро импорттық бажды үнемдеуге қол жеткізеді. Бұдан басқа, тарифтердің төмендеуі ЕО-тың РФ-на жылына 3,9 миллиард еуро шамасындағы қосымша экспортын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясының 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Марракеш келісіміне қосылуы туралы хаттама 2012 жылдың 22 тамызында өз күшіне енді. Бұл күні Ресей ресми түрде ДСҰ-ның 156-шы мүше мемлекеті болды.