РФ-ның Ханты-Манси округіндегі тікұшақ апатында 4 адам қазаға ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты-Манси автономиялық округінде AS-350 тікұшағы апатқа ұшырады, алдын ала мәліметтер бойынша төрт адам қазаға ұшырады, деп хабарланды ХМАО бойынша ІІМБ сайтында жексенбі күні.

«Бүгін күндіз Ханты-Манси ауданындағы Кедровый кентінен 7 шақырым жерде авиациялық оқиға болды. AS-350 тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала ақпараттар бойынша 4 адам қаза болды», - делінген хабарламада.

Әуе кемесінің сынықтарын Ресей ІІМ-нің «Ханты-Манси» өкілетті полициясының учаскелік инспекторы тауып алды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда, деп жазады РИА Новости .

Бұл аптада Ресейде тікұшақпен тағы бір ірі авиа апаты болды. Бейсенбі күні «Турухан» авиакомппаниясының Ми-8 тікұшағы Краснояр өлкесінде қатты қонып, 10 адам мерт болды, тағы 15-і ауруханаға жатқызылды.