РФ Премьер-Министрі бүгін Ыстамбұлға барады

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - РФ Үкімет басшысы Владимир Путин бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің үшінші Саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға аттанады, онда бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Бұл туралы РФ Үкімет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Кездесу барысында Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевпен, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Украина үкіметінің басшысымен, сондай-ақ саммит иесі ТҮркия премьері Реджеп Тайып Эрдоганмен кездесулер өтеді деп жоспарлануда», - деді ол.