РФ Президенті Дмитрий Медведев бүгін тікелей эфирден аяқталар жылдың қорытындысын шығарады

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - РФ Президенті Дмитрий Медведев бүгін тікелей эфирден аяқталар жылдың қорытындысын шығарады. Осыдан дәл бір жыл бұрынғыдай, мемлекет басшысы Останкино телеорталығына келіп, соңғы он екі ай бойы істелген жұмыстардың қорытындысын шығарып, келіп түскен сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды BNews ақпарат агенттігі.

Бұл Дмитрий Медведевтің тікелей эфирден беріп отырған үшінші сұхбаты. Ал осы форматта ол тележорналшылармен онға тарта әңгіме-дүкен құрды. 2009 жылдың басында ол өзі бастап, «Дмитрий Медведевпен әңгіме» циклінің жүргізілуіне мұрындық болған болатын. Осы хабарда ол елдегі жағдайларға жан жақты үңіліп, халыққа алдағы межелер туралы барынша әңгімелейтін. Ол кезде хабар алдын ала жазылып алынып таратылатын.