РФ Президенті Кубогы: Жұлқа көтеру сайысында И.Ильин 1-ші, ал А.Зайчиков 2-ші орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқстанда Грозный қаласында басталған ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирдің ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақтағы зілтеміршілері жарыс жолын бастады.

Бұл бәсекеде еліміздің атынан Қазақстанның әлемге әйгілі спортшысы, Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте жеңімпазы Илья Ильин мен әлем чемпионы Александр Зайчиков өнер көрсетуде. Жұлқа көтеру нәтижесінде И.Ильин - 191, ал А.Зайчиков 190 келіні бағындырды. Осылайша қазақ елінің қос алыбы алғашқы жаттығуда 1,2-ші орындарды бөлісті. Үздік үштікті ресейлік зілтемірші Тимур Наниев түйіндеп тұр. Алда - серпе көтеру жаттығуы.