РФ Президенті В.Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. РФ Президентін елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов күтіп алды. Сапар аясында Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары және Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің кезекті отырыстарына қатысады.