РФ СІМ Еуропа одағының Беларуске қатысты санкцияларын сынға алды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - "Ресей СІМ "Еуроодақтың Беларуске қатысты қабылдаған санкцияларын «қағидаларға қарсы" деп атады. Министрліктің ресми сайтында берілген ақпаратта көрсетілгендей, бұндай шаралар республикадағы тұрақтылықты бұзуға бағытталған", деп хабарлайды РБК.

«Беларуске қарсы саяси себептермен қабылданған, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты бұзуға бағытталған біржақты санкциялар «қағидаларға қарсы» болып саналады. Керісінше, Беларуспен бірге өзара тиімді және тең құқылы байланысты дұрыстау және дамыту сол елдегі нарықтық өзгерістердің тереңдеп, демократиялық институттардың одан әрі қарай дамуына оң септігін тигізеді», - деді Ресей СІМ өкілі Александр Лукашевич.

Осылайша, Ресей Беларусті Еуропадағы халықаралық ынтымақтастық үдерістеріне қатысу қажеттілігі туындап отырған егемен ел ретінде таниды.