Бұл жайында ресейлік дипломат Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжинмен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметінен.
«Әңгімелесу барысында ресейлік тараптан ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастың тарихи аспектілеріне қатысты ресейлік өңірлік билік органдарының кейбір өкілдерінің жауапсыз пікірлерінің соңғы уақытта пайда болуына қатысты түбегейлі баға берілді. Сыртқы саясат және шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту мәселелері бойынша мәлімдемелер мен түсіндірмелер Ресей Федерациясы басшылығының, РФ Сыртқы істер министрінің, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша ресми тұлғаның ғана айрықша құзырында болатындығы баса айтылды», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің атап өтуінше, тараптар екі ел өкілдері арасындағы алдағы кездесулердің кестесін, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған басымдықты құжаттарды даярлау мәселелерін талқыланды.