«Непал тарапынан ресейлік құтқарушыларға олардың жоғары кәсібилігіне сәйкес келетін жұмыс учаскесі анықталды. Непалдың билік көздеріне- азық-түліктер мен бірінші қажеттілік заттары тиелген гуманитарлық жүктердің партиясы тапсырылды», - деп атап өтті министрліктен.
«ТЖМ ұшақтарының кері қайтатын рейстері Непалдан кетуге ниеттенген Ресейдің 90 азаматын көшірді. Олардан басқа Украинаның 11 азаматы, Қазақстанның 8 азаматы, Тәжікстанның 8 азаматы, Латвияның 4 азаматы, Израильдің 3 азаматы, Беларусьтің 2 азаматы және Францияның 2 азаматы шығарылды», - деп ақпараттандырды дипломатиялық ведомстводан.
25 сәуірде Непалда магнитудасы 7,9 болған жер сілкінісі орын алды. Негізгі жер сілкінісінен кейін магнитудасы аздау тағы 67 жерасты дүмпуі тіркелген. Ел полициясының берген мәліметтерінше, табиғи апат салдарынан опат болған адамдардың саны 5 мыңнан, зардап шеккендер саны 10 мыңнан асты. Сондай-ақ жерасты дүмпулері Үндістанның астанасында, 60 адам қаза тауып, 250-ге жуық адам зардап шеккен бұл елдің солтүстік және солтүстік-шығыс штаттарында, сонымен қатар Мьянма, Бангладеш және Тибетте де сезілді.