Захарованың айтуынша, Эр-Риядтағы кездесулер бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр және келіссөздер жабық есік жағдайында өтуде.
Бұған дейін Ресей делегациясының мүшесі, Ресей СІМ-нің бұрынғы орынбасары, сенатор Григорий Карасин келіссөздердің «шығармашылық сипатта өтіп жатқанын», сондай-ақ «өзекті мәселелер бойынша қызықты пікірталастар жүріп жатқанын» мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, Мәскеу мен Вашингтон «байланысты сақтап, бір-бірінің ұстанымдарын түсініп жатыр».
Еске сала кетсек, бұған дейін Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасында консультациялар басталғаны туралы хабарланған болатын.
Сондай-ақ, 23 наурызда Эр-Риядта АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөздері өткен еді.