РФ Тергеу комитетінің БАҚ-пен өзара ынтымақтастық басқармасында хабарланғандай, 16 жасар Виктория Теслюк бас сүйек-ми жарақаты мен бас сүйектің сынуы салдарынан көз жұмған.
ВЕСТИ.ru жазғандай, Виктория Теслюктің жеке басын тану үшін генетикалық сараптама жасау қажет болды, өйткені мәйітті айуандықпен қорлаған және туған-туыстары мүрдені тану үрдісіне қатыса алмады.
Виктория Теслюк 2011 жылдың 26 наурызында таңертең Мәскеу облысы Мытищинск ауданындағы үйінен шығып кеткенін еске салып өтеміз. Одан кейін оны ешкім көрмеген еді.
«Лукойл Оверсиз Қазақстан» топ-менеджерінің 16 жасар қызы Виктория Теслюктің мәйіті Талдом қаласына жақын маңда орманда табылғаны туралы хабарланған болатын.