РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Ростов қаласында ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында апатқа ұшыраған Дубай-Дондағы Ростов бағытымен ұшқан №981 рейсінде мерт болған жолаушылардың анықталған тізімі жария етілді.

Соңғы дерек бойынша, ұшақ бортында 62 адам болған. Оның 7-еуі экипаж мүшесі. 55 жолаушының 11-і шетелдіктер. Нақтырақ айтқанда, 8 Украина азаматы, 2 үндістандық, 1 Өзбекстан азаматы болған. 44-і - Ресей азаматы.

7 экипаж мүшесінің 6-уы шетелдік (Испания, Кипр, Колумбия, Қырғызстан, Сейшел аралдары ), 1-еуі ресейлік.
Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.