«Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Волгоград түбіндегі Мариновка аэродромының жанында құлаған. Оның ішінде экипаждың екі мүшесі болған, олардың тағдыры әзірге белгісіз», - делінген хабарламада.
«Төтенше оқиға сағат 11:23-те орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу ұшуын орындаған Су-24 ұшағы апатқа ұшырап, Волгоград облысындағы Калачев ауданының аумағында орналасқан елді мекен маңында құлаған», - деп хабарлайды өз кезегінде «Интерфакс».
Мамандар апатқа техниканың ақаулығы немесе әуе кемесінің қателігі себеп болуы мүмкін деп есептейді.
Оқиғаны Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы анықтайды.