Азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігі аймақтық департаментінің жетекшісі Федор Кургузкиннің хабарлағанындай, ажал құшқандардың төртеуі әйел адам болған.
Большая Тура мен Кадахта елді мекендерінің маңындағы оқ-дәрі қоймасындағы өрт 30 сәуірде түнде орын алған еді. Барлығы 20 жарылыс тіркелген. Қоймада тротил, танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналар, жарылғыш заттар сақтаулы тұрған. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, қызыл жалын орманнан басталып лезде қоймаға қарай шапқан. Салдарынан әскери бөлім мен қойманың әскерилендірілген күзеттің 8 азаматтық қызметкері оттың ортасында қалады. Ал материалдық техникалық мүлік орталығының командирі оларды қызметтік жүк көлігінің көмегімен алып шығамын деп, ақыры отттың құрсауында қалып, шыға алмай қалған.
Жарылыс бірнеше тұрғын үйге зиян келтірді. Шатырлар бұзылып, мектеп терезесінің шынылары сынған. Большая Тура, Кадахта және Солонцово елді мекендерінің 280 тұрғыны эвакуацияланды. Оқыс оқиға Забайкалье темір жолы мен Дарасун-Солонцово автожолындағы қозғалыстың тоқтауына себеп болды.
Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.