Бұл туралы Мутко сейсенбі күні Мәскеуде өткен РФО атқару комитетінің отырысынан соң баяндады. РФО басшысы Левниковтың орнына кімнің тағайындалатыны туралы айтпады.
«Левников Қазақстанға 2 жыл жұмыс жасау үшін кетеді. Біз оған сәттілік пен табыс тілейміз. РФО төрешілер комитетін кім басқаратынын көреміз», - деді Мутко журналистерге.
Еске сала кетейік, Левников 2008-2009 жылдары Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекторлық департаментін басқарған.