Онда Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының байқаушылар миссиясының басшысы Халук Ипектің, «сайлау ешқандай қысымсыз, ашық, халықаралық талаптарға сай және жария түрде жүргізілді» деген сөзінен үзінді келтірілген. Сонымен қатар, мақалада Экзит-пол мәліметі бойынша, Парламентке «Нұр Отан» партиясынан өзге қажетті 7%-дан артық дауыс жинаған «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халық партиясы кіретіні айтылған, деп жазады 24.kz.
19:43, 21 Наурыз 2016
РИА Новости Қазақстандағы сайлаудың ашықтығы туралы мақала жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясы байқаушыларының айтуынша, Қазақстандағы сайлау ашық өтті» деген тақырыпта ресейлік РИА Новости халықаралық ақпарат агенттігі мақала жариялады.