Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алады, деп хабарлады Gazeta.ru Billboard-ке сілтеме жасап.

Марапаттың толық атауы - Michael Jackson Video Vanguard Award.

Осыған дейін мұндай сыйлықты Канье Уэст және Бейонсе алған.

Марапаттау рәсімі 28 тамызда Нью-Йоркте өтеді.

«MTV құрмет грамотасының лауреаты ретінде сахнаға көтерілу мен үшін үлкен мәртебе», - деді Рианна.

Сонымен қатар, әнші төрт аталым бойынша сыйлықтан үмітті.

Журналдың жазуынша, Рианнаның бейнебаяндары талай рет таң қалдырған. Оның YouTube сайтындағы парақшасы 10 млрд-қа жуық рет қаралған.