Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылдың қорытындысы бойынша тай-брейктегі жеңісі бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Kazinform.
OptaAce басылымының мәліметінше, қазақстандық теннисші биылғы WTA турнирлерінде 16 тай-брейкті өз есебіне жазған.
Бұл көрсеткіш бойынша бразилиялық Беатрис Хаддад Майя екінші орында тұр. Оның еншісінде 15 тай-брейктегі жеңіс бар. Сондай-ақ үздік бестікке ресейлік Екатерина Александрова (14), чехиялық Петра Квитова (13) және Беларусь өкілі Арина Соболенко (13) енді.
Биыл Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетіп, Индиан-Уэллс пен Рим WTA 1 000 турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Григорий Ломакиннің Мысырдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).