Рыбакина WTA-ның жаңа маусымына дайындығы туралы айтты

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылғы WTA-ның жаңа маусымына дайындығы жөнінде айтты. Kazinform бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: sports.kz

«Мен әр жарыс алдында шеберлігімді одан сайын шыңдай түсуге тырысамын. Кортқа шыққанда техникалық, физикалық қабілетімді, шешім қабылдау тұрғысынан да әлеуетімді арттыру үшін жұмыстанамын. Үнемі формада жүру – менің ең маңызды міндетім», - деді Елена Talk 100.3 арнасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетсек, Рыбакина 31 желтоқсанда жаңа маусымды Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирде өнер көрсетуден бастайды.