ЛОНДОН. KAZINFORM — Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Чехиялық спортшы 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Крейчикова 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Паолини 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.
Ол Уимблдонда жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын танымал теннисші Новак Джоковичтің өз рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).