Риддер қаласында құбыр жарылуынан әлеуметтік нысандар мен тұрғындар сусыз қалды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында құбыр жарылып, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үй тұрғындары сусыз қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 4 шағын ауданында диаметрі 180 мм су құбырының жарылуы салдарынан емхана, әскериленген таукен- құтқару бөлімі, шіркеу, Риддер психоневрологиялық әлеуметтік мекемесі, № 17 мектебінің қосалқы ғимаратының тұтынушылары және Дрейман көшесіндегі № 5, Перспективная көшесінің № 8 тұрғын үйлерінің тұтынушылары - барлығы 120 абонент сусыз қалған. Қазіргі уақытта тұтынушыларға арнайы техникалармен су тасымалданып жатыр.

Төтенше жағдайды жоюға «Лениногорск ПромСтрой» ЖШС-нің 10 адамы және 4 бірлік техникасы қатысуда.