Риддер кәсіпкерлері бизнесті дамыту үшін гранттар алды
21:45, 19 Қазан 2015
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Риддер филиалында жергілікті бизнесмендерге кәсібін дамыту үшін гранттар табыстады.
ШҚО КП филиалының директоры Василий Русиннің сөзіне қарағанда, аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Гранттық қамту моноқалаларды дамытуға бағытталған. Қаржы инновациялық жобалары бар, өзекті жобалар байқауында жеңген кәсіпкерлерге беріледі. Биыл Риддерге бұл мақсатқа 12 млн. теңге бөлінді. Байқауға жобасын ұсынған кәсіпкер 3 млн. теңгеге дейінгі грантқа ие бола алады.
Риддерлік кәсіпкерлер 10 жоба ұсынды. Олардың бесеуі жеңді.
Салтанатты шараның соңында жобалық сүйемелдеу курсы бойынша бизнес-мектептің тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар, «Еңбекпен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Заря» шаруа қожалығына 15,5 млн. теңге бөлінді.