30 жастағы жұмысшының өлімін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті де растады.
«Осы дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») 2-бөлігімен тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Бейресми дереккөздердің мәліметінше, үңгушіні жүк тиегіш машина басып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше, көп қан жоғалтқан жігіт көз жұмды.