Түнгі ауысымның (30 адам) «Вентиляциялық» шахтаға түсуі кезінде бетон болат діңгектен бөлініп, салдарынан тор есігі бұзылып бетонның бөлшектері үш жұмысшыны жаралады.
25 жастағы қазметкер алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 26 жастағы үңгуші және 25 жастағы учаске электршісі түрлі жарақаттармен Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған оқиға кен орнының жұмысына әсер етпеді. Ауысымдарды тасымалдау резервтік ұңғы арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлады ТЖД.
Апаттың себептері анықталуда.