Мәйіттер әбден кескілеп тасталынған, полиция өкілдерінің айтуынша, «біреулер оларды асқан айуандықпен өлтірген». Дереу қылмыскерлерді іздеуге кіріскен полиция Риддер қаласының кәмелетке толмаған үш тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі де - жайсыз отбасынан шыққандар.
Олардың бастапқы жауаптары бойынша, бұл қылмысқа олардың «бұзақылық әрекеттері» себеп болған. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.