Риддерде кеніште болған өрттің салдарынан 365 адам жедел көшірілді -Төтенше жағдайлар министрлігі

None
АСТАНА.  Желтоқсанның 21-і.  ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында  «Риддер-Сокольный»   кенішінде  дүйсенбі күні сағат  03.14-те   өрт   шықты, 

 деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

 Өрт    кеніштің 11-ші горизонтында   орын  алған:  қалдық қоқыстар  өртеніп,     көк түтін   болған.

 Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер  жоқ. 365 адам жедел көшірілді.  Өрт ошағын  сөндіруге  20 адам жұмылдырылды.