Риддерде кеніште болған өрттің салдарынан 365 адам жедел көшірілді -Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Риддер-Сокольный» кенішінде дүйсенбі күні сағат 03.14-те өрт шықты,

 деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

 Өрт    кеніштің 11-ші горизонтында   орын  алған:  қалдық қоқыстар  өртеніп,     көк түтін   болған.

 Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер  жоқ. 365 адам жедел көшірілді.  Өрт ошағын  сөндіруге  20 адам жұмылдырылды.