ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында аударылған көліктен 2 адам шыға алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Риддер қаласындағы көшелердің бірінде болған.
«Жолда келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлік жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Көлік соның салдарынан аударылған. Салонда отырған 2 адам сыртқа шыға алмай, құтқарушыларға хабарласты. Көп ұзамай оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп жеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар оларды арнайы құралдардың көмегімен алып шықты. Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.