Риддерде көпқабатты үйде болған өрттің салдарынан үш адамның денесі табылды

АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында пәтерлердің бірінде өртті сөндіру кезінде үш адамның денесі табылды, олардың біреуі 3 жасар бала,

деп  хабарлады жұма күні Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша,  ауданы  2 шаршыметрді құраған   өрт   оқиғасы  бейсенбі күні  кешке    бесқабатты тұрғын үйдегі  пәтерлердің бірінде орын  алған.