Риддерде сатушы әйел зейнеткерді соққыға жықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Базарда сатушы болып жұмыс істейтін әйел зейнеткерге бірнеше рет соққы жасап, оның ақшасы мен әмиянын және ұялы телефонын тартып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі АІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жергілікті базарлардың бірінде сатушы болып жұмыс істейтін 49 жастағы әйелге қатысты ҚР ҚК 191 бабы, 2 бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»,-деп хабарлайды ШҚО ІІД.