Риддер аграрлық-техникалық колледжінде «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған студенттер Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарынан келген. 20 түлек Риддерде қалуды жоспарласа, екеуі жоғары оқу орындарында білімін жалғастаруды көздеп отыр. Олардың дені өнеркәсіп қаласында жұмыс тауып үлгерген, ал қалғандарына - билік көмектеседі. Түлектер дуалды білім беру жүйесі бойынша оқыған және 3 жылдың ішінде екі жұмысшы біліктілігін алды.
Айта кеткен жөн, жеті студент «Қазмырыш» ЖШС-да тәжірибеден өтіп жүрген кезде кәсіпорынмен 2023 жылға дейін еңбек келісімшартын жасасқан.
Қазіргі таңда қалалық әкімдік тұрғын үй мәселесін шешуде. Бұдан бөлек, өңір басшысы студенттердің ата-аналарын Риддерге қоныс аударуға шақырды.