Риддерде төтенше жағдай режимі әлі сақталуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында төтенше жағдай режимі әлі сақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 мамыр күні Риддерде жылыту маусымы аяқталған болатын. Алайда әлі де қалада төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті.

Риддерде жылу желілерінің 89 пайызы тозған. Жаз бойы жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Төтенше жағдай режимі «Риддер ЖЭО» АҚ иесінің орталықты басқаруға қабілетсіздігін көрсеткендіктен енгізілді. Себебі осы арқылы әкімдік процеске араласып, бақылау жүргізе алады. Сондықтан бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі алынбады. Ал ыстық су қала бойынша 10 мамырда өшіріледі», - дейді қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев.