Риддерде үш жетім баланы тұрғын үй кезегінен шығарып жіберген

АСТАНА. KAZINFROM — ШҚО-да прокуратура араласқаннан кейін үш жетім бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды.

Фото: Kazinform/ЖИ

Риддер қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуына жүргізген талдау тұрғын үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарғанын анықтады.

Оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды.

Айта кетелік 16 жыл күткен әділдік: сот павлодарлық жетім қыздың баспана құқығын қорғап қалған еді