Риддерде жас жігіт інісін өз әкесінен сот арқылы тартып алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Риддерде жас жігіт сот тәртібімен өз әкесін кәмелеттік жасқа жетпеген інісіне қатысты ата-аналық құқығынан айырды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Жас жігіт пен оның інісінің анасы бес жылға бас бостандығынан айырылып, қазіргі кезде түрмеде отыр. Әкесі - жұмыссыз, ата-аналық құқығынан жалтарып, үш жылдан астам уақыт алимент төлемей келеді. Үлкен ұлы жақын туысын інісіне қатысты ата-аналық құқығынан айыру өтінішімен сотқа жүгінді.

«Сот отырысында арыз беруші інісінің спорт мектебінде оқитынын, болашағынан үміт арттыратынын айтып, ал әкесінің өмір салты жігіттің әрі қарай дамуына кедергі келтіре алатынын түсіндірді», - деп хабарлады Риддер сотының баспасөз қызметінен.

Сот залында екі жігіттің әкесі қазіргі кезде жұмысқа орналасқанын, алдағы уақытта отбасына материалдық көмек көрсететінін айтты. Олай болғанымен, «егер ұлы үшін жақсы болса», ата-ана құқығынан айыру жазасымен келісті.

Сот қала тұрғынының арызын қанағаттандырды.