Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа иесі нысанның 5,5 млрд теңге қарызын өзі төлейді
10:56, 14 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа иесі нысанның мойнындағы 5,5 млрд теңге қарызды өз қалтасынан төлеуге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Энергетика министрлінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов мәлім етті.
«Жылу-электр орталығының жаңа иесі Әміржан Нәбиев бүкіл қарызды өз есебенінен жабуға уәде берді. Бүгінгі таңда оның көлемі 5,5 млрд теңге», - дейді Шығыс Ілиясов.
Айта кетейік, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапармен жүр.
Министрлік ұсынған дерек бойынша Әміржан Нәбиев Риддердегі проблемалы жылу-электр орталығына 1 маусымнан бері 100 пайыз иелік етеді.