«Олар электр энергиясына да, суға да, мазутқа да, жұмысшыларға жалақы да төлемейді. Ештеңемен айналыспайды. Өткен жылдың 6 қарашасында ол жерге көптеген құрылысшылар, мамандар барып, 600 млн теңгенің жұмысын атқарды. Орын алып отырған жағдайға қарамастан жоғары қысымды төртінші және бесінші қазандықты іске қостық және дұрыс жасадық. Тіпті бөлшектеніп жатқан, бір метр кабель де жоқ. Желтоқсанда қазандықтарды іске қостық. Солар стансаны құтқарып қалды. Бірақ, компания жұмысшыларға 1 тиын да төлемеді», - деді өңір басшысы.
Оның атап өтуінше, бүгінде компания ақпан айындағы жалақы мен дебиторлық берешегін өтеген.
«Бүгінде біз 2,7 млрд теңгеге сот арызын бердік. Мұнан ары егер иесі анабиоз жағдайынан шығып, қаржыландыруда бастаса, онда іс-қимылдың бір алгоритмі болады. Егер бүгінгі жағдай жалғаса берсе, онда заңға сәйкес барлық іс-шараны қабылдаймыз», - деді Даниал Ахметов.