«Қазақстан Республикасының авиация билігі «Air Baltic» әуе компаниясына шетелдік әуе тасымалдаушы аккредитациясы туралы куәлікті табыс етті. Осылайша, бекітілген кестеге сәйкес, «Air Baltic» осы жылдың 29 сәуірінен бастап Рига - Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет ұшатын болады. Тұрақты әуе рейстері Bombardier CS300 ұшағымен орындады», - деп жазды комитет Фейсбуктегі парақшасында.
20:24, 11 Сәуір 2018
Рига мен Алматының арасында тікелей әуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы мен Рига (Латвия) қалаларының арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.