Төтенше жағдай Air Baltic компаниясының рейсінде орын алды. Ол Ригадан Цюрихке бағыт алған. Әуеге көтерілген соң Bombardier Q400 NextGen ұшағының экипажы алдыңғы шассидегі ақаулықты байқаған.
Жолаушылардың арасында Boeing ұшқышы болған. Ол адамдарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде көмектескен. Бортта 4 экипаж мүшесі мен 63 жолаушы, соның ішінде сәби мен екі бала бар.
Ұшақ қонғаннан кейін әуежай біраз уақытқа жабылды, соның ішінде ұшу-қону жолағы тексерілді. Арнайы қызметтердің айтуынша, ұшу-қону жолағына зақым келмеді.
Естеріңізге сала кетейік, осындай оқиға елімізде де болды. 2016 жылы 27 наурызда Bek Air әуекомпаниясына тиесілі «Fokker-100» ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда қонған болатын. Әуе кемесін командир Дмитрий Родин қондырды. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 121 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.
6 мамыр күні Ақордада экипаж командирі Дмитрий Родин әскери және қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы», Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен мараптталды. Кеменің екінші ұшқышы Вадим Смеречанский II дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды. Әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаков «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.