Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Латвия елордасының тұрғындары мен қонақтарына шетелдік кинофестивальдерге қатысып, халықаралық қауымдастықтың жақсы бағасын алған сегіз көркем фильммен танысу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Олардың қатарында Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары», Рүстем Әбдіраштың «Құрақ көрпе», «Сталинге сыйлық», «Қаладан келген қыз» фильмдері, Абай Құлбайдың «Сұр қарлығаш», Жаңабек Жетіруовтың «Жол қараушының жазбалары», Қанымбек Қасымбековтың «Сізге күшік керек пе?» және Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» фильмдері бар.
Фестивальдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Елші Ғалымжан Қойшыбаев, «қазақ киносының фестивалі екі елдің кинотүсурішулері арасындағы ұзақмерзімдік байланыстың бастауы ғана болмайтынын, бұл шараның латвиялық көрермендерге қазақ халқымен және оның мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретінін» атап көрсетті.