деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Комиссия мәжілісін тең төрағалар, Қазақстан жағынан - Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев, Латвия тарапынан Қатынас министрі Каспарс Герхардс ашты.
Делегация жетекшілері қазақстан-латвия үкіметаралық комиссиясының 2-ші мәжілісі келісімдерінің жүзеге асырылу барысына оң баға беріп, екіжақты сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың біртіндеп дамып келе жатқанын атап көрсетті.
Көлік және транзит, кәсіпкерлік, стандарттау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және қоршаған ортаны қорғау сияқты салалардағы өзара іс-қимылдардың ауқымды мәселелері қаралды.
Комиссия мәжілісі барысында сондай-ақ Орал қаласындағы Азаматтық авиация училищесінің ұшу-техникалық базасында Латвия Көлік және байланыс институтының филиалын ашу мәселесіне қатысты келісімге қол жеткізілді. Латвия тарапы Іскерлік ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия бірлескен кеңесін құруға мүдделілік білдірді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары көрсетілген хаттамаға қол қойылды. Комиссия жұмысының аясында бизнес-семинар өтті. Қазақстандық делегация сонымен бірге, Рига айлағының, халықаралық әуежайының және «Air Baltic» компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.