Ригада орыс тілді 11 мектеп жабылады

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Рига Думасы қаражат үнемдеу мақсатында ел ордасындағы 16 мектепті жабу туралы шешімді мақұлдады, ол мектептердің 11-і- орыс тілді мектептер,

деп хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.   

Латвия   қазір   ауыр   экономикалық  дағдарысты  бастан  кешіруде.    Осыған байланысты   барлық  мемлекеттік мекемелерге  өз шығындарын  қысқарту міндеттеліп отыр.

Қыркүйектің  1-інен бастап Ригада  10 мектеп  жұмысын  тоқтатады,  тағы 5 мектеп   келесі  жылы жабылады,  ал 2011 жылы      бір   білім ошағы қысқартылады.   Латвия   елордасында  барлығы 149  мектеп жұмыс істейді.   Мектептердің  жабылуының  салдарыннан   400-ге жуық педагог жұмыстарынан  айрылғалы  отыр.